Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

14 Ақпан 2024, 15:11
798
Бөлісу:
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қоқысының басым бөлігі "Green Recycle" кешенінде сұрыпталады. Зауыт күніне 1 мың тоннадан асатын тұрмыстық қалдық қабылдайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеумен айналысатын консорциум құрылған. Консорциум құрамына "Тәртіп" АҚ, "Green Recycle" ЖШС және қалалық полигон кіреді. Әр күнін сайын "Тәртіп" АҚ-ның 130-дан астам жүк көлігі қаланың аудандарына тарап, тұрмыстық қатты қалдықтарды  зауытқа әкеледі. Мұнда қоқыс сұрыпталып, престелген қалдықтар қайта өңдеу орындарына, ал өңдеуге келмейтін қоқыс қалалық полигонға жіберіледі.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

Зауыт 5 жыл бұрын салынып, 2018 жылы іске қосылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қалада қызмет көрсетеді. Зауыттың қуаты – жылына 550 мың тонна. Қазір қысқы уақытта күніне 1100 тонна тұрмыстық қатты қалдық қабылданады. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді, 4 жұмыс ауысымы бар. Қоқысты сұрыптауға арналған цехтың аумағы 12,5 мың шаршы метр, – деді қоқыс сұрыптау кешенінің директоры Сергей Колесник.

Қоқыс сұрыптау кешені конвейерлік жүйемен жұмыс істейді. Бірінші жүк көлігі келгенде оның нөмері бойынша көліктің қай жерден, қандай салмақтағы қоқыс әкелгені автоматты түрде тіркеледі. Сол жерде радиациялық бақылаудан өтеді. Содан кейін көлік қабылдау бөліміне жіберіледі.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

Қабылдау бөлімінде қоқысты сұрыптаудың бірінші кезеңі болады. Яғни алдын ала сұрыптау жүргізіледі. Бұл бөлімде ағаш, тас және өзге де өңдеуді қажет етпейтін не өңделмейтін қалдықтар алынады. Одан кейін қалған қалдықтар цехтарға қайта қолданылатын шикізаттарды бөлу үшін жіберіледі. Сұрыпталатын шикізаттың 11 позициясы бар. Олардың қатарына шыны, түрлі түсті шыны, макулатура, картон, пластикалық бөтелкелер және т.б. кіреді.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

 

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

Шикізатқа жатпайтын қатты қалдықтардың біраз бөлігі арнайы айналма құрылғымен автоматты түрде бөлінеді. Содан кейін тоқтаусыз жүріп тұратын қалдықтарды сұрыптау жолақшаларында қызметкерлер қоқысты әртүрлі контейнерлерге тастайды. Цехта барлығы 4 жолақ бар. Мұнда әр жұмысшы өзіне тапсырылған материалды сұрыптайды. Мысалы, бір жұмысшы тек қағаз сұрыптайды, екіншісі пластиктерді, үшіншісі тағы бір материалды бөлек жинайды. Шикізатқа жатпайтын қоқыс, мысалы органикалық қалдықтар (азық-түлік, құрылыс материалдары, ағаш бұтақтары және т.б) жеке жолақшамен майдалануға, одан соң қоқыс полигондарына жіберіледі.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

Сұрыпталған қалдықтар басылып, престеледі. Мұндай қайта өңдеуге дайын бастырылған шикізатты "брикет" деп атайды. Брикеттер қайта өңдеу кәсіпорындарына салмағына қарай сатылады. Оған дейін жылжымалы техниканың көмегімен жиналған шикізат зауыттың қоймасында сақталады.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады

Барлық 4 ауысымды қоссақ, цехтың тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау жолақшаларында 560 адам жұмыс істейді. Инженерлік құрам, техникамен жұмыс істейтін мамандарды қосқанда барлығы кәсіпорында 700-ден астам адам жұмыс істейді, – деді Сергей Колесник.

Алматыда қоқыс қалай сұрыпталады
Өзгелердің жаңалығы