Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы өртенді

28 Мамыр 2023, 20:25
501
Бөлісу:
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы өртенді
Фото: Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 мамыр күні сағат 12.22-де болған.

Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген ТЖД ақпаратында.

Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы