Алматыда Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

27 Маусым 2022, 12:14
1253
Бөлісу:
Алматыда Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты. 

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарға World Trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және  еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Өз кезегінде бұл компаниялар сыйақыны заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардан тартқан қаражаттан алуға кепілдік берді.Мәселен, 2018-2021 жылдар аралығында WBC қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары азаматтардан жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайтын қаражатты заңсыз тартып, сонымен қатар қатысушылардың бір бөлігін басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы 2,6 млрд теңгені қайта бөлген, - деді ол.

Әбділов атағандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері Марамов М., Кемелбаев К., Гайтова Л., Кравченко С. және Әлімжанова Ф. кінәлі деп танылып, 5 (бес) жыл мерзімге қаржы ұйымдарындағы лауазымдарға ие болу және қаржы институтының мүшесі болу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар World Business Consulting пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады, - деді Әлібек Әбділов. 

Өзгелердің жаңалығы