Алматыда «Қара жорға» флешмобы ұйымдастырылды

30 Мамыр 2023, 13:46
960
Бөлісу:
Алматыда «Қара жорға» флешмобы ұйымдастырылды
Фото: автордан

Алматыда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндер «Қара жорға» флешмобын биледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш іс-шара Құддыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік Академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрында өтті. Флешмобқа көпбалалы отбасылардан шыққан балалар қатысты. 

Алматыда «Қара жорға» флешмобы ұйымдастырылды

Әр елдің ұлттық киімін киіп, «Қара жорға» билеген балалар қала халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 100-ден астам бала өз өнерлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

Флешмобқа қатысқаныма қуаныштымын. Менімен бірге әпкем келді, екеуміз үйдегі қазақша көйлектерімізді киіп алдық. Биді бірден үйреніп алдық, көптеген дос таптық. Алда келе жатқан мерекемен барлық балаларды құттықтаймын, – дейді Айдана Серікқызы есімді қатысушы. 

Ұйымдастырушылар флешмоб арқылы балаларға қуаныш сыйлауды басты мақсат еткен. 

Өзгелердің жаңалығы