Алматыда қар жауып, көктайғақ болады

4 Қараша 2019, 15:35
1868
Бөлісу:
Алматыда қар жауып, көктайғақ болады

Алматы, BAQ.KZ. Ауа райы болжамына сәйкес, 4-нен 5 қарашаға қараған түні қар аралас жауын-шашын күтілуде, ол арасындағы үзіліспен 6 қарашаның алғашқы жартысына дейін жалғасады. 

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Қазгидрометтің мәліметінше, 4-нен 5 қарашаға қараған түні ауа температурасы 0 градус шамасында, күндіз 5-7 градусқа дейін жылы болады. 5-нен 6 қараша түні 1-градус аяз, күндіз 2-4 градус шамасында болады.

Тротуарларда, әсіресе әл-Фараби даңғылының жоғары бөлігіндегі жолдарға, көлік қозғалысы бөлігіне мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған мекеме мамандары жүргізушілерден көліктерінің дөңгелектерін қысқыға ауыстыруын сұрайды. 

Көлік жүргізуде тәжірибелері аз автоәуесқойлардың мұндай күндері автомобильден бас тартқандары жөн, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы