Алматыда қар жауды

18 Сәуір 2023, 11:45
1212
Бөлісу:
Алматыда қар жауды
Фото: Informburo.kz

«Қазгидрометтің» болжамы орындалып, сәуірдің қары Алматы да жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматыдағы тілшісі.

«Қазгидромет» бірнеше күн бұрын 18-19 сәуірде мегаполис орналасқан Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін екенін хабарлған. Кеше алматылықтардың ұялы телефондарына көктайғақ пен тау көшкіндері туралы ескерту хабарлама да келген.

Алматыда қар жауды

Айтылған болжам орындалып бүгін Алматының тауларға жақын орналасқан оңтүстік бөлігінде жауын-шашын мен аздаған қар жауды. Қазір оңтүстік астанамыздағы ауа температурасы +2-6 градус аралығында, түнде -1-3 аралығыда болады деп күтіледі.

Алматыда қар жауды

Дегенмен, сәуірдің салқыны Алматыда көпке созылмауы керек. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, аптаның қалған күндерінде жайма шуақ күн күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы