Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді

14 Желтоқсан 2022, 14:14
3588
Бөлісу:
Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
PHOTO
Фото: BAQ.KZ BAQ.KZ

Биыл Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда қаншама ғимарат бүлінді. Отқа оранған әкімдік ғимараты секілді бірқатар нысандар әлі де жөнделіп жатыр. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі наразылық өткен алаң маңына барып, ғимараттардың қазіргі келбетін фотоға түсіріп алды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 8 қаладағы мемлекеттік органдардың 45 ғимараты және 306 коммерциялық нысан зардап шекті. Әсіресе, Алматы қаласында бірнеше нысан отқа оранды, қирады. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Қаңтарда өртенген әкімдік ғимараты. Фото Tengrinews.kz

Биыл қаңтар айының соңында берген басты тапсырмаңызға сәйкес бүгінде «қаңтар» оқиғалары кезінде бүлінген инфрақұрылым толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты, қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейі біршама артты, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысына. 

Қала әкімі зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 миллиард теңге сомасындағы залал өтелді, оның 95%-ті 2022 жылдың 1 маусымына дейін төлемдерін алды. Барлық жеке тұлғаларға 613,5 миллион теңге сомасында мүліктік залал төленді.  

Отқа оранған қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ғимараттың сыртын қоршап қойған. Айналасында құрылысқа қажет көлік техникалары бар. Тынымсыз жұмыс істеп жатқан құрылысшыларды көзіміз шалды.  

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Әкімдік ғимараты жөнделіп жатыр. Фото BAQ.KZ

Бүгінгі таңда жұмыстардың жалпы көлемінің 20%-дан астамы орындалды. Оның ішінде ҚР БК талаптарына сәйкес (1.04–110-2017), тірек конструкциялары материалының физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау үшін әкімдік ғимаратына техникалық тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, барлық павильондарды бөлшектеу жұмыстарының толық көлемі және шатырдың коррозияға қарсы жабыны аяқталды, - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Ғимарат сырты қоршалған. Фото BAQ.KZ

Қазіргі уақытта қасбеттерді жарлауықпен (травертин) қаптау, сондай-ақ үй-жайларды ішкі әрлеу, кәріз көтергіштерін монтаждау және желдетуді едендік ажырату жүргізіледі. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото BAQ.KZ

Инженерлік желілерді монтаждауды орындау, ішкі жұмыстар көлемін аяқтау қажет. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.  

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президенттік қызметтік резиденциясы да өртенді. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Қаңтардағы президент резиденциясы. Фото Tengrinews.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғимараттың сүрілетінін, оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынатынын мәлімдеді. Қаржы министрлігі ғимаратты бұзуға кететін шығын көлемін 6 миллиард теңгеге бағалады. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Әкімдік пен резиденция маңындағы құрылыс аумағы. Фото BAQ.KZ 

Президент резиденциясы астанаға ауысқаннан кейін ғимаратта ешкім отырмаған. Бұл нысан тарихи-мәдени ескерткіш болып саналады. 

Резиденция ғимаратын сақтап қалып, қалпына келтіруге болмай ма дегендер болды. Қазақстан президентінің іс басқармасы ғимараттың бірінші қабатында автомобиль жарылып, өртенгенін, өрт жалыны көкке шарпып, жоғары қабаттардағы темір құрылымдарды ерітіп жібергенін хабарлады.  

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Резиденцияның кіреберісі. Фото BAQ.KZ

Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйеге зиян келген. Ең қауіптісі сол, екінші қабаттағы тіреуіш құрылым бұзылды. Бұл факт ғимараттың одан әрі қолданылуына күмән тудырады, - делінген ресми хабарламада. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Резиденцияның сүрілген орны. Фото BAQ.KZ

Қазір ғимарат сүрілген. Орнында ештеңе қалмаған. Кіретін жері ғана тұр. Онда да беті жасыл материалмен жабылған. Нысан сырты қоршалған.  

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Қоршаудың арғы жағында президент резиденциясы болған. Қазір орны ғана қалды. Фото BAQ.KZ

Қаңтар оқиғасы кезінде әкімдік маңайындағы хабар тарататын телеарналар мен радиолардың ғимараттары да айтарлықтай зардап шекті. 

Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысындағы “Республика” бизнес орталығында орналасқан бірнеше нысан бүлінді. Ол жерде “Евразия” мен “Мир” арналары мен бірқатар радиолар орналасқан.  

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Қаңтарда өртенген бизнес орталық. Фото ura.ru

Ғимарат сырты матамен жабылған. Жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото BAQ.KZ

Қаңтар оқиғасында есігі шағылған нысан әлі жөнделмегенін көруге болады. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото BAQ.KZ

Кейбір нысандардың жөндеуі енді басталады. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото BAQ.KZ

Республика алаңындағы дәл осы ғимаратқа ұқсас нысанның толық жөнделгенін көзіміз шалды. Мұндағы RBK банкінің бас кеңсесі Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен еді. Алты қабаттың үшеуі жанып кетті.   

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді

Желтоқан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы Qazaqstan телеарнасының филиалы да қаңтарда отқа оранды. Қазақ телевизиясының тарихи ғимараты түгел дерлік жанып кетті. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото: Сәуле Жиреншина, Tengrinews.kz

Ғимарат толық сүрілді. Мұнда "Қазақстан" ТРК-дан басқа, "Хабар" арнасының алматылық корпункті жұмыс істеген.

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото Tengrinews.kz
Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Сүрілген аумақ.  Фото BAQ.KZ

Алматы әкімі Ерболат Досаев ғимарат орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталатынын, оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын мәлімдеді. 

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Құрылыс қоршалған. Фото BAQ.KZ

Құрылыс аумағы қоршалған. Сыртынан Qazaqstan деген жазу бар заманауи ғимарат жобасын көруге болады.  

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото BAQ.KZ

Qazaqstan телеарнасының қызметкерлері осы нысанда отыр.

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді

Қаңтар оқиғасы кезінде азық-түлік дүкендері, азық-түлік емес дүкендері, қару-жарақ дүкендері, қоғамдық тамақтану нысандары, ломбардтар, банктер, жанармай құю станциялары, қаржы ұйымдары, сауда және ойын-сауық орталықтары, ірі бизнес нысандары қирады, бүлінді. Олардың барлығы дерлік қалпына келтірілді.  

Бірақ та зардап шеккен Абай даңғылындағы PROMENADE сауда ойын-сауық орталығы әлі ашылған жоқ.

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Фото  Facebook/Антон Гордеев

 Сыртында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деген ақпарат жазылған.

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді

Мысалы, Mon Amie сауда нүктелерінің он дүкені зардап шекті. Соның бірі Орталық стадион маңында орналасқан дүкен.

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Қаңтар кезіндегі дүкен. Фото Informburo.kz
Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ғимараттар қалай жөнделді
Дүкеннің қазіргі бейнесі. Фото BAQ.KZ

Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін адамдар көп жиналатын орындарға 3 050 бейнекамера орнатылады. Ерболат Досаев қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге биыл қосымша 16,8 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы