Алматыда қала көшелерін су басты

12 Тамыз 2023, 21:53
986
Бөлісу:
Алматыда қала көшелерін су басты
Фото: видеодан кадр

Алматыда күн райы бұзылып, қатты нөсер жауды. Жаңбыр суы қала көшелерін алып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы әкімдігі 19:00-гі жағдай бойынша ақпарат таратты, бүгін мегаполисте 27 мм көлемінде жаңбыр жауған.

Бұл «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, бір айлық норманың 80 пайызын құрайды (тамыз айында 33 мм).

Нөсерлетіп жауған қысқа мерзімді жаңбырдың салдарынан қаланың кейбір аудандардың көшелері мен аулаларын су басты.

Жаңбыр басталғалы бері 52 мобильді бригада мен 27 мотопомба жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы