Алматыда пышақ ұстап, тұрғындарды қорқытқан ер адам ұсталды

17 Сәуір 2024, 14:29
2461
Бөлісу:
Алматыда пышақ ұстап, тұрғындарды қорқытқан ер адам ұсталды
VIDEO
Фото: скриншот

Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғындары қолына пышақ ұстап, шабуыл жасаған адамға шығымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейнержазбада көлікті сындырып, қолындағы пышақпен адамдарға шабуылдағанын көруге болады. 

Көкезек ауылында ер адам тұрғындарға пышақпен шабуыл жасады. Қолында баласы бар адамдарға да жүгіріпті. Көліктің әйнегін сындырған. Кейбіреулері балаларын мектепке жібермеген, – делінген бейнежазбада. 

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысы Полиция департаментінен түсініктеме сұрадық. Белгілі болғандай, ер адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 

Полиция қызметкерлері дүкендердің бірінің терезесін сындырып, аулада тұрған автокөлікті сындырған 36 жастағы мас адамды ұстады. Қазіргі уақытта Қарасай ауданының полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі, – деп атап өтті Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видео: Көкөзек ауылының тұрғындарынан

Өзгелердің жаңалығы