Алматыда өзен жағасынан қаруға ұқсас заттар салынған қап табылды

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетіп, күдікті заттарды барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып тәркілеген.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 20 Шілде 2026, 08:11
20 Шілде 2026, 08:11
531
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласының Түрксіб ауданында өзен жағасында серуендеп жүрген тұрғын қаруға ұқсас заттар салынған қапты тауып, бірден «102» арнасына хабарлаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетіп, күдікті заттарды барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып тәркілеген.

Тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері олардың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Алматы полициясы қырағылық танытып, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар берген тұрғынға алғыс білдірді. Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттер ықтимал қауіптің алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх