Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

15 Мамыр 2024, 18:01
781
Бөлісу:
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «Мәдени майдан» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрме Алматы музейінде Халықаралық музейлер күні аясында ұйымдастырылды.

Көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтің ұрпақтары қатысып, естеліктерімен ой бөлісті. Студенттер мен қала тұрғындары қатысып, қайраткердің дара жолымен, ерен еңбегімен, рухани мұраларымен, шығармаларымен танысты.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

Бүгін Алматы мүзейінде атамызға арналған көрме ашылып жатыр. Көрме Халықаралық мұражайлар күнінде ашылып жатқанының символикалық мәні зор. Атамыздың мәдениет саласына үлкен үлес қосқанын көрсетеді. Қала тұрғындарының өз уақыттарын бөліп, көрмеге келгеніне қуаныштымын. Көрмеге атамның қолданған заттары ұсынылды. Бұл жерде маған ұнайтын жәдігер – ол кісінің сағаты. Көпшілігі менің келбетімді, өзімді атама ұқсатып жатады. Бұл маған күш береді. Сол себептен оқуда озат болып, атам секілді тұлға болуды қалаймын, - дейді Өзбекәлі Жәнібековтің немересі Алижан Жәнібеков.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

Көрмеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің пайдаланған жеке заттары мен құжаттарынан тұратын 100-ден астам жәдігер қойылған. Ө. Жәнібековтің арқасында Ұлы даланың бір-қатар ескерткіштері сақталды. 

Қалпына келтірілген ескерткіштердің қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Тәжік, Қарахан, Айша-бибі, Ақ-ұйық және Бабаджа-Хатун кесенелері мен Жаркент мешіті және Отырар археологиялық ескерткіштері бар.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков 1971-1991 жылдардың аралығында елімізде 40 мүзейдің ашылуынада үлес қосқан. Ол мұражайлар бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Көрме кәсіби мерекеміз – Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылды. Көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтің өзі қолданған 100-ден астам заттары қойылды. Оның ішінде отбасынан алынған жеке тұтынған заттары, марапаттары, қолжазбалары, кітаптары бар. Сондай-ақ біз көрмеде Өзбекәлі Жәнібековтің музейлерді құрудағы еңбегін айырықша көрсетуге тырыстық. ҚР Мемлекеттік архивінен алынған құжаттар қойылды. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығынан алынған жәдігерлерді қойдық. Көрме мұражайымызда екі апта бойы болады. Кіру тегін, қала қонақтары мен тұрғындарын шақырамыз, - дейді Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Келушілерге музей қызметкерлері ұлы тұлғаның өмір жолын баяндап, әр жәдігердің тарихымен танстырды.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

Мен Өзбекәлі Жәнібеков жайлы 2021 жылы Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының «Білгім келеді» атты клубынан танып, білдім. Санжар Керімбай «Тұлғатану» сабағында мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметін таныстырды. Кейінен «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітап жарық көріп, көптен мәліметтерді оқып, білдім. Енді, міне, сол оқыған, естіген дүниелерімді көзбен көру мүмкіндігі туды. Көрменің ашылғанына, жастарға таныстырып, түсіндіріп жатқанына қуаныштымын, - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Айгерім Сайлаукенова.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды

Көрмеде Ө. Жәнібековтің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері, Алматы музейі қорынан Ө. Жәнібековтің үлгісі бойынша тігілген «Сазген сазы» ансамблінің алғашқы орындаушысының сахналық киімі, фотосуреттері, музыкалық аспаптары қойылған.

Алматыда Өзбекәлі Жәнібековке арналған көрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы