Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

21 Қыркүйек 2023, 16:07
1123
Бөлісу:
Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен журналистерге баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Журналистер қауымы жеңіл өнеркәсіп бағытындағы екі кәсіпорынды аралады. 

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Ең алдымен тігін және аяқ киім саласында танылған кәсіпорындардың бірі – «Казлегпром-Алматы» ЖШС тігін цехының жұмыс барысы таныстырылды.

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Зауыт нарықта 2011 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Біздің зауытта 700-ден астам адам жұмыс істейді. Өндіріс орнында үшінші қабатта киім өндірумен, екінші қабатта аяқ киім тігумен айналысады. Орташа жалақы 200-250 мың теңгені құрайды. Дәл қазір төртінші қабатта Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша қысқы киімдер, үшінші қабатта салтанатты рәсімге киетін киімдер, екінші қабатта қысқы және жазғы киімдер тігіліп жатыр. Сондай-ақ бізде аяқ киім өндірісі бар. Былғарыны Алматы қаласынан алдырамыз. Шикізатты шетелден – Қытай, Ресей, Түркия сынды елдерден алдырамыз. Біздің Ұзынағаш қаласында 150 адамды жұмыспен қамтып отырған тігін цехымыз бар. Болашақта үлкен фабрика ашуды жоспарлап отырмыз. Бізде күніне 1500 дана аяқ киім, 2000 мың киім, күртеше, костюм тігіп шығарамыз, – дейді «Казлегпром-Алматы» ЖШС директоры Олжас Зияханов.

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Өндіріс орталығының директоры нарыққа бәсекелестік таныта алмай жүргенін атап өтті. 

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Өнімнің бағасы Қырғызстан, Қытай киімдерінен қымбат болса да, Түркияның бағасымен шамалас, сапасы жақсы екенін айтты.

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды

Киім-кешектің бағасы шамалас, сапасы өте жақсы. Біз шетелден келетін кіимдермен нарықта бәсекелес бола алмай отырмыз. Себебі ол жақтан келетін өнім өте көп, ал бізде күніне 2000 дана киім тігіледі. Ол өнімдердің кеденнен қалай өтіп жатқаны белгісіз. Тігін цехы мен аяқ киім фабрикасының өндірістік қуаты жылына 1,5 млн-ға дейін түрлі бұйымдар мен 500 мың жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп саласы тек мемлекеттік тапсырыспен күн көріп жатыр деп айта аламын, – дейді «Казлегпром-Алматы» ЖШС өндірісінің директоры.

Алматыда «Отандық өндіріс» медиажобасы іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы