Қызыл жалын Алматының Ақбұлақ ықшамауданындағы төртінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Өрт жалындары жоғарғы қабатта орналасқан үйлердің балконына тараған.

Қалың өсімдіктер мен кіреберіс жолдардың тар болуына қарамастан, кәсіби өрт сөндірушілер автожолдан лафет оқпанын беру арқылы өртті жойды. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала бар, – деді ТЖМ-дан.
Сондай-ақ, 1946 жылы туған әйел түтіннен улануы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жеткізген.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша азаматтарға тағы да ескертулер жасады.
Оқи отырыңыз: