Алматыда орташа зейнетақы төлемі 134 мың теңге

10 Қаңтар 2024, 14:51
477
Бөлісу:
Алматыда орташа зейнетақы төлемі 134 мың теңге
Фото: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызмет

Алматыда 242 мың зейнеткер бар, жасына байланысты зейнетақы 93385 теңге және базалық зейнетақы 40711 теңге, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департамент басшысы Асқар Аймағамбетов мәлімдеді.

 Алматы қаласы бойынша зейнетақы төлемдерін арттыру 242 мың алушыға жүргізілетін болады, олардың орташа зейнетақы төлемі 134 мың теңгені құрайды (оның ішінде жасына байланысты зейнетақы - 93385 теңге және базалық зейнетақы - 40711 теңге). Бүгінде Алматы қаласының барлық 360 мың зейнетақы және әлеуметтік төлем алушыларына 1 қаңтарға дейін ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде зейнетақы мен жәрдемақыларды арттыру толығымен аяқталады, қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді, - дейді Асқар Аймағамбетов.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласында бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны - 43401 адам.

 Алматы қаласы бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 39384 алушы және асыраушысына айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 13553 алушы өзгерістерге ие болады. Ал бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны 43401 адам олардың орташа мөлшері 70121 теңге, - дейді Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департамент басшысы Асқар Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы