Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда оқытушы студенттің басындағы нысанаға оқ атты

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Алматыда колледж оқытушысы студенттің басына нысананы қойып, оған оқ атқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Желіде Алматыдағы колледждердің бірінде өткен алғашқы әскери дайындық сабағынан видео тарады. Кадрларда педагогтің студенттің басына бекітілген нысанаға пневматикалық мылтықпен оқ атқаны көрінеді.

Оқиға Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде болған. Оқу орнының басшылығы бұл деректі растады және ресми мәлімдеме жасады.

Атыс кезінде жауынгерлік оқ емес, жұмсақ материал (мақта) қолданылған. Ешкім зардап шекпеген. Алайда әкімшілік педагогикалық әдеп пен қауіпсіздік ережелері бұзылғанын мойындайды, - деп хабарлады колледждің баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы