Алматыда онкологиялық ауруларды емдеу бойынша саммит өтеді

11 Шілде 2023, 13:18
661
Бөлісу:
Алматыда онкологиялық ауруларды емдеу бойынша саммит өтеді
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Алматыда алғаш рет 2023 жылғы 13-14 шілдеде өтетін «Best of ASCO Kazakhstan-2023» саммиті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Саммит - американдық клиникалық онкология қоғамының (ASCO-American Society of Clinical Oncology) ресми лицензияланған бағдарламасы, біздің дәрігерлер үшін онкология саласындағы соңғы жаңартулар мен таңдаулы сұрақтардан хабардар болуға бірегей мүмкіндік береді.

Спикерлер ретінде белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. Екі күннің ішінде әлемнің жетекші онкологтарымен сүт безі обыры мен өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен пікірталастар өтеді.

Best of ASCO Kazakhstan-2023 саммиті онкологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті жақсартуға ықпал етеді, пациенттердің өмір сүру сапасына және обырмен күрес саласындағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге әсер етеді.

ASCO (American Society of Clinical Oncology) - онкологияның барлық салаларын қамтитын қайырымдылық, білім беру және ғылыми ұйым.

ASCO - бұл әртүрлі мамандықтағы онкологиялық дәрігерлердің бірігуі, оларға әріптестерімен тәжірибе мен идеялар алмасуға мүмкіндік береді.

ASCO-ның негізгі мақсаты - зерттеу, мамандарға білім беру және пациенттерге күтім жасау бойынша сапалы медициналық қызметтерді ілгерілету арқылы онкологиялық аурулармен күресу.

Саммиттің өтетін орны: Алматы қаласы, Оспанов көшесі, 401, Royal Tulip қонақ үйі, Ballroom залы.

Іс-шараның ашылуы:13 шілде сағат 10: 00-де.

Өзгелердің жаңалығы