Алматыда нөсер болуы мүмкін: ТЖД тауға шықпауды ескертті

29 Мамыр 2022, 13:36
1644
Бөлісу:
Алматыда нөсер болуы мүмкін: ТЖД тауға шықпауды ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының тұрғындарына «Қазгидромет» дауылды алдын ала ескерту жасады. 

Бұл туралы мегаполистің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құрметті қала тұрғындары, көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Қалада синоптиктер қатты нөсер жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, нөсерлі дауыл соғады деп болжады.

29-30 мамыр күндері Алматы тауларында солтүстік-батыстан жел тұрып, найзағай кезінде ол 17-22 м/с, жел екпіні күшейсе, 24-29 м/с дейін жетеді деп күтіліп отыр. Ведомство қалалықтар мен қонақтарға тауға баруды кейінге қалдыруды ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы