Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 рет заң бұзған

8 Қазан 2023, 22:45
766
Бөлісу:
Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 рет заң бұзған
Фото: архив

Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 рет заң бұзған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті полиция қызметінің патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері арнайы рейд жүргізген.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын, жол қиылыстарынан өту ережелерін, қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану талаптарын елемей, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 47 самокат пайдаланушылары, 68 мопедист. Кәмелетке толмағандардың микромобиль көлігін пайдалануына ерекше назар аударылды. Балаларына самокат пен мопед мінуге рұқсат берген сегіз ата-ана жауапқа тартылды. Кейбір жағдайларда балалар мектепке осы көлікпен келген, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді, - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Жыл басынан бері самокаттарға қатысты 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алған.

Ал мопедтерге қатысты 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 14 адам қаза тапты, былтыр екі адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы