Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді

13 Желтоқсан 2020, 11:00
1024
Бөлісу:
Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

13 желтоқсанда сағат 7:55-те  ТЖД күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Яссауи көшесiндегі спорт кешенде шыққан өртке шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi. Өрт сөндipушiлер келгенде бip қабатты «Медина» спорт кешенiнің  ангар типті спорт залы ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жақын орналасқан әкiмшiлiк ғимаратқа таралу қаупi туындаған. Тез арада өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылған, - делінген хабарламада.
Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді

Оқиға орнында Алматы  қаласы ТЖ департаментiнiң басшылығы мен жеке құрамнан 70 тен астам адам, 19 техника және өзара әрекет ету қызметтерi жұмылдырылды. Қазipгi уақытта өрттiң таралу қаупi жойылды.  

Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді

1000 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 8:43-те  оқшауланып, сағат 8:53 -те толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның жақын орналасқан  спорт зал мен 2 қабатты  әкiмшiлiк ғимаратқа және қоймаға таралуына жол берiлмедi.

Алматыда «Медина» спорт кешеніндегі өрт сөндірілді

Өзгелердің жаңалығы