Алматыда мамырдың 1-10 аралығында зираттар жабық болады

27 Сәуір 2021, 17:52
2817
Бөлісу:
Алматыда мамырдың 1-10 аралығында зираттар жабық болады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте қаладағы бейіт басына бару шектелетінін айтты.

Біз адамдардың көптеп жиналуын шектеуге тырысып жатырмыз. Бұл күндері зират басына адам көп жиналатынын білеміз. Олар тазалау жұмысын жүргізеді. Өткен жылға қарағанда биыл жағдай анағұрлым күрделі. Сондықтан қала тұрғындарынан марқұм ата-ана күнін жағдай түзелген кезге ауыстыруын сұраймын. Өйткені мамырдың 1-10 аралығында зираттар жабық болады. Біз онда адамдар көптеп жиналмас үшін шара қолданамыз, - деді Бекшин.

Христиан дініндегі марқұм ата-ана күні биыл 11 мамырға тұс келеді.

Айта кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндап, науқастар санының өсуі болжамға сәйкес келіп отырғанын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы