Алматыда мамандандырылған лицейдің 12 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

30 Сәуір 2023, 16:15
1148
Бөлісу:
Алматыда мамандандырылған лицейдің 12 жылдығы  салтанатты түрде аталып өтті

«Арыстан» – қабырғасында тәжірибелі педагогтар мен талантты жастардың ұжымын біріктірген әскери бағытта білім беретін бірегей оқу орны, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Әмір Халиков, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев қатысты. Лицейдің басшылығы мен оқушыларды құттықтауға әскери оқу орындарының бастықтары полковниктер Бауыржан Ибатулин мен Қайрат Дауытов, қаланың жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың бастықтары, сондай-ақ лицей оқушыларының ата-аналары келді.

Мереке қонақтарының алдында сөз сөйлеген «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев биылғы оқу жылында 5 оқушының әдебиет, химия, биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі және құқық негіздері бойынша облыстық олимпиадалардың жүлдегер атанғанын айрықша атап өтті.

Жақын арада IT-технология бағыты мен киберқауіпсіздік негіздерін құруға және дамытуға көп көңіл бөлінетін болады.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде «Арыстан» мамандандырылған лицейінің түлектері қызмет етеді. Олар ерекше ерік-жігері, жоғары мәдениеті, және шынайы патриоттық сезімімен ерекшеленеді. Мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Ғылыми дәрежесі бар көптеген оқытушылар лицей оқушыларын ұрпақтар сабақтастығы рухында тәрбиелеп келеді. Бұл оларға әскери жоғары оқу орындарында оқу кезінде және одан кейінгі қызметте де оң әсер етеді, – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Мұғалімдер оқушылардың бойына қатаң тәртіпті, офицерлік дәстүрлерді құрметтеу мен әскери борышқа адалдықты сіңіре отырып, олардың жан-жақты дамуын да ұмытқан емес. Негізгі оқу пәндерімен қатар лицейде хореографиялық және театр студиялары, театр және хор үйірмелері, оқырмандар клубы және басқа да факультативтер жұмыс істейді.

Жыл сайын лицейге 80 ер бала оқуға түседі. Конкурс кезінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беріледі. 12 жыл ішінде мектеп қабырғасынан мыңнан астам жас білім алып шықты. Олардың 95 пайызы лицейді бітірген соң еліміздің жоғары әскери оқу орындарына оңай түсіп, Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарында қызметін жалғастырып жүр.

Өзгелердің жаңалығы