Алматыда лай көшкінінің себептерін тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының ТЖД мәлімдеді.
Алматы қаласының Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс істейді, оның құрамына ТЖД, Қазселденқорғау, қала әкімдігінің мамандары енген. Басты мақсат- беткей аумағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын тексеру.
8 ақпанда сағат 15.00-дегі жағдай бойынша комиссия беткейдегі зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін лай көшкінінің қайталану қауіп жоқ деген қорытындыға келді. Осылайша, мамандардың бағалауы бойынша 8 ақпанда 3000 текше метрден лай көшкіні болған. Сонымен қатар, жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытылуда. Айта кетерлігі, комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып датыр,- дейді Алматы қаласының ТЖД.
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин атап өткендей, үйлерді қиратқан лай көшкінінің бірнеше ықтимал себептері бар.
Алматы қаласының ТЖД нұсқасы бойынша, болған оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік сипаттағы апат салдарынан топырақ суланып, ылғалданған. Қазселденқорғау желісі бойынша себептердің бірі-жоғары желіге орналасқан үй тұрғындарының жер асты су құбырын шаруашылық тәсілмен салған деген болжам бар. Сонымен қатар, мүмкін нұсқалардың қатарына үйлердің жоғарғы желісінің тұрғындары дұрыс орнатпаған нөсер кәріз құбыры, сондай – ақ таулы аймақтағы жартасқа сұйықтық ағызатын септиктер де жатады,- дейді Алматы қаласының ТЖД.
Алайда тергеу жалғасып жатыр. Комиссия қазіргі уақытта барлық мүмкін факторларды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.
Тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат берілетін болады.
Анықтама: Бүгінгі күні Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оны құзыретті органдар тексеретін болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көшкін жүргені туралы жазған болатынбыз. ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасап, соған байланысты Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізген еді. Бірер сағат бұрын лай көшкіннің астынан 2007 жылы туылған жас жігіттің денесі табылған еді. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкіннің бірнеше себебін айтқан болатын, сондай-ақ тұрғындар бұл апатқа құрылыс компанияларын кінәлаған болатын. Сонымен қатар, құтқарушылар жұмыс барысы неге баяу жүріп жатқанын айтқан болатын.
Сондай-ақ, лай көшкін салдарынан қаза тапқандардың денесі табылғанын жазған болатынбыз.