Пәтер іздегендерге ескерту: Танымал сайттарға айыппұл салынды

Тексеріс нәтижесінде сайт құрамына кіретін екі компанияға айыппұл салынды.

Бүгiн 2026, 10:10
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллаж Бүгiн 2026, 10:10
Бүгiн 2026, 10:10
294
Фото: ©BAQ.KZ коллаж

Алматыда Krisha сайты заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама орналастырғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, құқық бұзушылық үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй құрылысы нысандарының жарнамасын орналастыруға байланысты анықталған.

Нәтижесінде Krisha.kz және Korter.kz интернет-платформаларының операторларына Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы талаптарын бұза отырып, құрылыс нысандарының жарнамасын орналастырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына азаматтардың қаражатын тартуға, сондай-ақ осындай нысандарды жарнамалауға уәкілетті органның тиісті рұқсаты немесе үлескерлердің құқығын қорғаудың заңда көзделген өзге де тетіктері болған жағдайда ғана жол беріледі. Аталған интернет-алаңдарда жарнамаланған нысандарда мұндай рұқсат құжаттары болмаған.

Нәтижесінде екі компанияға да әкімшілік айыппұл салынды: «Колеса» АҚ-на (Krisha.kz) – 1000 АЕК (4 325 000 теңге), ал «Флетфай-Қазақстан» филиалына (Korter.kz) – 500 АЕК (2 162 500) көлемінде айыппұл тағайындалды.

Еске сала кетейік, бастапқы тұрғын үй нарығынан баспана сатып алмас бұрын азаматтарға құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттың және басқа да рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру керек.

Компания не дейді? 

Krisha.kz бұл жағдайға қатысты ішкі тексеру жүргізген.

Платформадағы кейбір тұрғын үй кешендеріне қатысты ақпараттың өзектілігін жоғалтқанын анықтадық. Бұл деректерді автоматты түрде жаңарту процесіндегі техникалық ақауға байланысты орын алды. Соның салдарынан бірнеше нысан бойынша мәліметтер уақытында жаңартылмаған, - дейді компания өкілдері. 

Мәселе анықталғаннан кейін жарияланған нысандарға қосымша тексеру жүргізіп, ақпараттың өзектілігін бақылауды күшейткен.

Қазіргі уақытта тұрғын үй кешендері туралы деректер қосымша верификациядан өтіп жатыр. Бұл жұмыс мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция және «Қазреестр» мәліметтерін пайдалану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар пайдаланушыларға қолайлы болу үшін қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпарат та енгізіліп жатыр, - делінген жауапта. 

Наверх