Алматыда криптовалюта айырбастаумен айналысқан азамат сотталды

13 Маусым 2023, 13:15
811
Бөлісу:
Алматыда криптовалюта айырбастаумен айналысқан азамат сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметті тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде кіріс алған, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.

«Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі 693 мың доллар немесе шамамен 310 миллион теңге болған, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуық сома болған. Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы