Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 79 шетелдік анықталды

22 Қараша 2023, 19:16
376
Бөлісу:
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 79 шетелдік анықталды
Фото: Көші-қон комитетінің ресми сайты

Алматыдағы құрылыс нысандарында шетелдік жұмыс күші тартылғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көші-қон қызмет комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

“Құқықтық тәртіп” кең ауқымды іс-шарасы барысында Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Шетел азаматтары шоғырланған жерлерге назар аударылды. Әсіресе құрылыс нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, хостелдер және т.б. жерлер жіті тексерілді.

Іс-шараның бірінші күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік: Өзбекстаннан – 45, Түркиядан – 5, Нигериядан – 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 59 шетел азаматы орналастырылды. Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 18 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы