Алматыда көшелердің бірі 15 қыркүйекке дейін жабылады

11 Маусым 2024, 11:09
1031
Бөлісу:
Алматыда көшелердің бірі 15 қыркүйекке дейін жабылады
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Мегаполистегі Байқадамов көшесіндегі 40 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

12 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Бостандық ауданында Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Қозғалыс екі жаққа да жабылады. 1984 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көшенің астындағы жалпы ұзындығы 1220 метр құбырды қайта жаңарту аумағында жоспарлы жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі, - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Алматыда көшелердің бірі 15 қыркүйекке дейін жабылады

Аталған аумақтағы тұтынушыларға реконструкция кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды. 2024 жылы жалпы ұзындығы 20 км болатын 23 нысанды қайта жаңарту жоспарланып отыр, бұл жыл сайынғы көрсеткіштен екі есе көп. 25 жылдық нормативтік қызмет ету мерзімі өткен құбырлар енді 30 немесе одан да ұзақ жыл жұмыс істеуге арналған алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстырылады. Бұл жылу шығынын, сондай-ақ желілердің тозуын шамамен 1,8% төмендетуге мүмкіндік береді. Биыл Алматыда жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 57,9% болды (1385,3 км-ден 802,6 км),- дейді баспасөз қызметі

«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы