Алматыда коронавирусты жұқтыру жағдайы күрт өсті

31 Желтоқсан 2021, 12:40
1305
Бөлісу:
Алматыда коронавирусты жұқтыру жағдайы күрт өсті

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 30 желтоқсанында коронавирус жұқтырған 75 науқас тіркелді, оның 63-і симптомдық белгілері бар және 12-сі симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 21 адам жазылып шықса, 30 науқас ауруханаға түскен.

Инфекциялық стационарларда 135 адам ем алып жатыр, оның 4-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 29 науқас бар. ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 6, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 395 науқас бар, олардың жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегісі 368, симптомсыз 27.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның  1-компонентін   1 574 адам, 2-компонетін  1 564 адам алған.

Жыл басынан бері қала бойынша вакцинаның 1-компонентін 1 077 326 адам, 2-компонентін 1 018 890 адам салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер  123 372 адамды құрайды. Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 30 224 адам, оның ішінде 1 669 жүкті әйелдер, 6 054 емізулі аналар және 22 501 балалар мен жасөспірімдер егілді, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы