Алматыда көпқабатты автотұрақ салынады

11 Тамыз 2022, 12:08
1259
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты автотұрақ салынады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкіммен кездесу кезінде тұрғындар ауданда көлік қояты автотұрақ жетіспейтінін айтып, бұл мәселені шешуді сұрады. Көшелер мен аулалар көлікке толып кеткен, жүру қиын, тіптен өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем өте алмайтын жағдайға жеткен.

Жыл соңына дейін Алматыда көпқабатты автотұрақ салу жөніндегі бағдарламаны таныстырамыз. Ол аулалардағы көлік тығынын жартылай болса да шешуге көмектеседі. 2023 жылдан бастап оны салу бойынша жеке инвесторлармен жұмысты бастаймыз,-деді әкім.

Сонымен қатар ол көлік ағынының шамадан тыс жүктелу проблемасын шешу үшін осы жылдың мамыр айында метрополитеннің «Сары-Арқа» және «Бауыржан Момышұлы» екі жаңа станциясы іске қосылғанын атап өтті. Бұл метродағы күнделікті жолаушылар ағынын 50-ден 70 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік берген.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және тағы басқа мәселелерді көтерді.

Әкім атап өткендей, ауданның жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мақсатында 50 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілген. Жыл соңына дейін ұзындығы 32,4 км 23 көше мен өтпе жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы