Алматыда көліктерді жылу желілерінен аулақ қою ұсынылды

9 Маусым 2022, 20:30
1479
Бөлісу:
Алматыда  көліктерді жылу желілерінен аулақ қою ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-сі  сынақ өткізудің екінші кезеңі жүретінін мәлімдеп, тұрғындарға автокөлікті жылу желілерінен аулақ қоюға кеңес берді.

2022 жылғы 13 маусым мен 22 маусым аралығында сағат 04.00 таңғы 07.00 дейін Алматы қаласының 8 ауданының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынақ өткізіледі, қала тұрғындары мен қала қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізу орындарындағы тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз,-делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы болып қалуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда ешқандай өз бетіңізше іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) немесе 109 телефондары арқылы хабарлаңыз,-делінген хабарламада.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):


13 мен 14 маусым
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев –  Маметова – Уәлиханов – Әйтеке Би көшелері;
Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Тобаяқов – Сейфуллин көшелері.

13 маусым
Бостандық ауданы: Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Экспериментальная база –Ходжанов – Әл-Фараби көшелері –  «Алмагуль» ықшам ауданы;
Алатау ауданы: Аққайнар поселкесі – Мамбетов – БАК-тың оңтүстік жағы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Шағабұтдинов – Тимирязева – Розыбақиев көшелері. 

13 мен 14 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Қазыбек би – Шәріпова – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан көшелері;
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би көшелері.

13-15 маусым
Түрксіб ауданы: Сейфуллин – Жұмабаев – Дулатов – Котельников көшелері.

13 -17 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин көшелері және Ботаническая көшесінің бойы.  

14 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тлендиев – Варламов – Жандосов– Айманов көшелері;
Наурызбай ауданы: Жуалы – Сабденов – Алтын Орда – Райымбек көшелері.

14 мен 15 маусым
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері;
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Алтынсарин – Яссауи көшелері.

14-ші маусымнан бастап 17 маусымға дейін 
Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас ықшам ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – Әл-Фараби – Қазақфильм ықшам ауданы – Рысқұлбеков – Каблукова – Басенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков – Алмагуль ықшам ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев көшелері.  
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Мендықұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.

15 маусым
Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Ф.Онғарсынова көшелері – Зерделі ықшам ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Тимирязев –Розыбақиев көшелері.

15 мен 16 маусым
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Қуанышбаев – Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков – Сайын көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қазыбек би – Панфилов – Сәтпаев – Байтұрсынов көшелері.

16 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев – Бөкейханов – Рысқұлов – Сейфуллин көшелері.

16-17 маусым
Түрксіб ауданы: Сейфуллин – Ақан-Сері –  Кассин – Котельников көшелері;
Бостандық ауданы: Орбита ықшам ауданы – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков –  Басенов көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь көшелері.

17 маусым
Алмалы ауданы: Шөкин – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек көшелері; 
Алатау ауданы: Райымбек – Отрар – Рысқұлов – Данченко көшелері;
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский – Бөгенбай батыр – Қабанбай батыр – Қалдаяқов – Шевченко – Байсеитова көшелері.

20 маусым
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек – Масанчи көшелері.

21 маусым
Әуезов, Алмалы және Алатау аудандары: Төле би –  Райымбек – Яссауи – Емцов көшелері.

21 мен 22 маусым
Әуезов ауданы: Абай – Рысқұлов – Яссауи – Гайдар көшелері – Үлкен Алматы өзені;
Әуезов, Алмалы және Босатндық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Гайдар көшелері.

22 маусым
Медеу, Алмалы және Босатндық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсеитова – Сәтпаев – Есентай өзені;
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Ф. Оңғарсынова көшелері;
Наурызбай аудланы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш көшелері.

Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. 
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.
 

Өзгелердің жаңалығы