Алматыда қоқыс жәшіктері тегін таратылды

28 Тамыз 2019, 10:15
1971
Бөлісу:
Алматыда қоқыс жәшіктері тегін таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Алмалы ауданында жеке тұрғын үй иелеріне қоқыс жәшіктері тегін үлестірлді. Аталған шара Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша атқарылуда, деп хабарлады Almaty.tv.

Ауданда 3500-ге жуық жеке тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде 800 нысан кәсіпкерлерге тиесілі. Қазір демеушілердің көмегімен 1500 қоқыс жәшігі сатып алынған. Жергілікті тұрғындарға оны тарату жұмысы басталып кетті.

«Осы күнге дейін ауданда қоқыс аптасына бір рет шығарылған болса, біз мына «Тәртіп» АҚ басшылығымен келісіп ауданымыздағы осындай қатты қалдық шығаруды аптасына екі рет ұйымдастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров.

Қоқысты аптасына екі рет шығарудың тиімділігін тұрғынғындар да атады.

«Қоқысты аптасына бір рет қана алып кететін. Тұрмыстық қалдықтарды полиэтилен пакетпен шығаратынбыз. Көшеде иттер оны шашып тастап, барлығы жайылып кететін», – дейді бір тұрғын.

«Бұған дейін қоқысты сәрсенбі күні түнде, не болмаса бейсенбі күні таңертең есік алдына қойып қоятынбыз. Аптасына екі рет алып кетіп жүрсе, ол бәрімізге қолайлы. Оның үстіне мынадай қоқыс жәшіктерін тегін берді. Барлығы енді жинақы болып, көшеде тазалық сақталады», – деді тұрғындар.


Өзгелердің жаңалығы