Алматыда көктайғақтан ірі жол апаты болып, оның арты ұзын-сонар кептеліске айналды

8 Ақпан 2022, 10:42
1171
Бөлісу:
Алматыда көктайғақтан ірі жол апаты болып, оның арты ұзын-сонар кептеліске айналды

Алматы, BAQ.KZ. Көктайғақтан болған жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.  

Әл-Фараби даңғылының Жароков көшесімен қиылысатын тұсында жиырмадан астам көлік соқтығысып қалған. Кәугерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіге жүктеген.

Кадрдан жиырмадан астам көліктің бір-бірімен соқтығысып қаладағы ең үлкен даңғылды жауып қалғанын көруге болады. Оның арты үлкен кептеліске айналған.

Бүгін Алматыны қалың тұман басып, көктайғақ болып тұр. Алматы ТЖД-ті бірнеше күн бұрын қалада көктайғақ болатынын ескерткен еді.

Өзгелердің жаңалығы