Алматыда кітапханашылар байқауы өтті

18 Ақпан 2021, 09:50
2277
Бөлісу:
Алматыда кітапханашылар байқауы өтті

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда тұңғыш рет «Үздік мектеп кітапханашысы – 2021» байқауы өтті. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Дарын орталығы ұйымдастырған шара 2 күнге созылып, қатысушылар онлайн бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Толқынай Кәрімованың еңбегі үздік деп танылды.

Бүгінгі байқау көңілді өтті, маған ұнады.  Бұл байқау дәстүрлі түрде өткізілсе деген тілегіміз бар. Жетістіктерімізді көрсетуге үлкен мүмкіндік берді, – дейді қалалық 148 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Толқынай Кәрімова.

Ал ұйымдастырушылар байқауды кітапханашыларды қолдау үшін өткізіліп жатқанын айтты.

Бұл – кітапханашыларды қолдау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара. Байқауға 23 кітапханашы қатысып, өте жақсы жұмыстарын көрсетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау деп ойлаймын, – дейді байқау ұйымдастырушысы Қаламқас Шәкретова.

Өзгелердің жаңалығы