Алматылықтардан қала қауіпсіздігіне қатысты 1000-нан астам ұсыныс түсті

12 Желтоқсан 2019, 10:01
5124
Бөлісу:
Алматылықтардан қала қауіпсіздігіне қатысты 1000-нан астам ұсыныс түсті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік органдармен қоса, қоғамдық белсенділер мен сарапшылар тартылуда. Бұл туралы "ІМ-дегі реформа үшін" қозғалысының белсендісі Гүлшат Нұрпейісова Kazakhstan Urban Conference-2019 конференциясында айтты.

Оның айтуынша, Алматыда спортшы Денис Теннің өлімінен кейін қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тұжырымдама қабылданған.
Оны жасауға мемлекеттік органдар мен қоғамдық сарапшылар тартылды. Ондағы басты тапсырма тәртіп сақшыларының пара алу мәселесімен күресу. Қазір сарапшыларды тарта отырып еліміздегі полицияның жұмысын жақсарту жолдарына арналған бірнеше жоба қолға алынды. Бұл өз кезегінде тығырықтан шығу жолын көрсетіп, полиция қызметін жандандыруға септігін тигізеді. Сайып келгенде бұл қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады, - дейді ол. 
Жиын барысында мегаполис үшін жоғары білікті жұмыс орындарын құру проблемалары және сарапшылар қауымдастығы мен әкімдіктің ортақ іс-қимылының тәжірибесі панелді пікірталас форматында қаралып жатыр. Сонымен қатар, еліміздегі коммуналдық сектор қызметін дамыту және Қазақстанның кәсіби өтемі жөнінде сараптамалық баяндамалар ұсынылуда.

Жақында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының алдағы 30 жыл ішіндегі даму жобасын ұсынған еді. Оны нақтылы бекіту үшін талдаушы топтар, қоғамдық қорлар, түрлі сала сарапшылары және қала тұрғындары "Алматы - 2050" даму стратегиясы концепциясының жобасын белсенді түрде талқылаған. Сондай-ақ, сайтқа қала тұрғындарынан шамамен 1077 ұсыныс түсіпті.


Өзгелердің жаңалығы