Алматыда жүйткіген көлік қызды қағып өлтірді

10 Желтоқсан 2021, 11:20
1507
Бөлісу:
Алматыда жүйткіген көлік қызды қағып өлтірді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында қатты жүйткіген көлік жаяу жүргінші жолағында өтіп бара жатқан жігіт пен қызды қағып өтті. Қатты соққыдан қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Күәгерлердің айтуынша, Skoda Superb көлігінің жүргізушісі бұрылыстан қатты жылдамдықпен келіп өтіп, Абай көшесін қиып өтіп бара жатқан жас жұпты қаққан.

Қатты соққыдан қыз бала 50 метр жерге дейін ұшып кетіп, жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмған.

Ал көлік оқиға орнынан жасарынып, тоқтамастан кетіп қалған. Тек Сайын көшесіне жеткенде көлігін тастап, оқиға орнына жаяу келіп, кінәсін мойындаған.

Оқиға орнында қазір жол полициясы мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ал жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы