Алматыда кәріз қақпағын ұрлау сәті камераға түсіп қалды

31 Қаңтар 2022, 21:23
1584
Бөлісу:
Алматыда кәріз қақпағын ұрлау сәті камераға түсіп қалды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ.  Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ұрлықты 34 жастағы курьер жасаған. Бұл туралы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй кешенінің аумағында кәріз  қақпағының ұрланғаны туралы хабарлама түскеннен кейін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді.  Қаскөй ТҮ мекенжайының аумағына курьер ретінде көлікпен кіргені анықталды.  Кенет оның қылмыстық ниеті пайда болды: куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, ер адам шойын қақпағын ұрлап, оны көлікке тиеп, қашып кетеді.  Бірақ күдікті оның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын ескермеді,-дейді дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Жауап алу барысында М.есімді азамат өз әрекетін  мойындап, олжаны сатуды жоспарлағанын айтқан. Бірнеше күн бұрын курьер болып жұмысқа орналасқан күдікті шұғыл ақша қажет болғанын айтқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде.  Кәріз қақпағы бұрынғы орнына қайта қойылды.


 

Өзгелердің жаңалығы