Алматыда карантиндік шектеулер біртіндеп алынып жатыр

25 Қаңтар 2022, 16:23
1490
Бөлісу:
Алматыда карантиндік шектеулер біртіндеп алынып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова ӨКҚ-нің онлайн-брифингінде шектеулерлің ішінара алынып тасталғаны туралы айтты.

Қарлығаш Әбдіжаббарова «Ashyq» жобасы аясында 6-16 қаңтар аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 270 және «сары» мәртебесі бар төрт тұлға анықталғанын атап өтті.

2021 жылдың 9 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін 11 369 тұрғынның «қызыл», 1 360 тұрғынның «сары» мәртебесі расталды, - деді ол.

Әбдіжаббарова 22 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №2 Қаулысына қол қойылғанын, онда бірнеше өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, түнгі клубтар, караоке, ұжымдық діни жораларды өткізуге тыйым салынды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарына келушілер санын 4 адамға дейін қысқарту және кинотеатрлардың толымдылығын 30%-ға дейін қысқарту туралы талап алынып тасталды. Бұл нысандардың барлығы «Ashyq» аясында «қызыл» аймақтың қолданыстағы критерийлері бойынша жұмыс істейді,-деді Әбдіжаббарова.

Енді концерт, театр, кинотеатр, қоғамдық тамақтану, түнгі клубтар, караоке – 50%-ға дейін 50 адамнан артық емес, көрмелер – 70%-ға дейін 200 адамнан артық емес жағдайда жұмыс істейді.

Спикер 24 қаңтардан бастап балабақшалардың ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта, жалпы білім беретін мектептерге – 600 балаға дейінгі контингенті бар 1-ден 4-сыныпқа дейін штаттық форматта, ал 600-ден астам оқушысы бар мектептерге – қуаттың 50%-ға штаттық форматта жұмыс істеуге рұқсат етілгенін хабарлады.
 

Өзгелердің жаңалығы