Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

15 Қараша 2021, 21:27
782
Бөлісу:
Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Ол Алматыда карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни 21 қарашадан бастап, «жасыл» аймақта тұрақты болған жағдайда енгізілетінін айтты.

«Жасыл» аймақта «Ашық» нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа, яғни «Ашық көшбасшылары» жұмыс уақытын сағат 05:00-ге дейін, басқа «Ашық» қатысушылары 03:00-ге дейін жұмыс істей алатын болады. Тиісінше келушілер саны да артады, – деді Сәдуақас Байғабылов.
Сондай-ақ оның айтуынша, «жасыл» мәртебе сақталып тұрған жағдайда келесі іс-шараларға да рұқсат етіледі.
Егер қала «жасыл» аймаққа ауысса, Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа артады. «Ashyq көшбасшылары» 05.00-ге дейін, басқа Ashyq мүшелері 03.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ Ashyq нысандарына келушілер саны артады.

Түрлі іс-шараларды өткізу ережелері де өзгереді. Келушілер мен қызметкерлерде «жасыл» мәртебе болған кезде:

  • салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу – 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;
  • адам көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар өткізу – 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;
  • көрмелер – бір уақытта 70 пайыздан артық емес, бірақ 500 адамнан аспайтын;
  • көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар – 80 пайыздан аспайтын.

Еске салайық, 15 қарашада Алматы коронавирус жағдайы бойынша «жасыл» аймақта қалды.

Өзгелердің жаңалығы