Алматыда карантин талабын бұзған екі дәмхананың қызметі тоқтатылды

31 Қаңтар 2021, 17:30
2085
Бөлісу:
Алматыда карантин талабын бұзған екі дәмхананың қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында қаңтар айында карантин бұзушыларға 20 миллионнан астам айыппұл салынды.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мониторинг топтары үш мыңға жуық дәмхана, бар, мейрамхана, компьютерлік клуб пен караокелерді тексерді. Олардың 216-сында биліктің карантинді сақтау жөніндегі нұсқамалары сақталмаған. Тек екі күннің ішінде (28-29 қаңтар) 50-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды. 

Құқық бұзған мекемелер: «Жақсылық», «Кәуап орталығы» дәмханалары, «Шамо» бильярд клубында, «Финик» мейрамханасында, Fizika түнгі клубында, Boohouse, «Пират» дәмханаларында, «Менің арманымдағы балық» караоке-барында, «Виктория» Бинго клубында, «Манана», «Пугасов» мейрамханаларында, «Пират» дәмханасы, «Бармаглот» барында, «БекАр» ойын клубында, «БекАр» мейрамхана қонақ үй кешенінде анықталды. Erbil және бірнеше компьютерлік клуб та тіркелді. 

Бірнеше рет карантин талаптарын бұзып келген екі кафенің қызметі сот шешімімен бір айға тоқтатылды. Олар «Премьера» және «Тау жолы» кафелері. Сондай-ақ аталған мекемелердің иелері 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеулері тиіс, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы