Алматыда карантин шараларын сақтамаған мектептерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

9 Наурыз 2022, 15:39
1541
Бөлісу:
Алматыда карантин шараларын сақтамаған мектептерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент ікаратин шараларын сақтамаған мектептерге 9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылғанын мәлімдеді.

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінде COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын енгізу кезінде мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді.

Осы мәселе бойынша 166 тексеріс жүргізілді, оның ішінде 87 – арнайы, 57 – жоспардан тыс, 22 – мониторингтік топ құрамында тексеріс жүргізілді.Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды:

- Алматы қаласының 3 мектебінде сабақтар арасындағы үзілістердің нормаланған ұзақтығы сақталмайды;

- оқу жоспары мектептердегі күндізгі және аптадағы оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикасын есепке алмай құрастырылған 4 мектепте, бастауыш сыныптарында қосарланған сабақтарға рұқсат етілген 2 мектеп анықталды;

- сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, мектептерде жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмайтын 19 мектеп;

- 2 мектепте оқу жиһаздары жартылай тозған және ауыстыруды қажет етеді;

Сондай-ақ мектептерде дезинфекциялау режимін, үй-жайларды желдету кестесін бұзу және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың басқа да бұзушылықтары анықталды.

Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен  9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды. Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді, – делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы