Алматыда карантин шараларын бұзушыларға қомақты айыппұл салынды

7 Қараша 2020, 15:10
1569
Бөлісу:
Алматыда карантин шараларын бұзушыларға қомақты айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 нысанда карантин шараларының бұзылуы анықталған, деп хабарлайды Алматы өңірлік коммникациялар қызметі.

Алматыда карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта қалада 32 мониторингтік топтар қызмет етуде. 2020 жылдың 21 қазаны мен 5 қарашасы аралығында мониторингтік шаралармен 258 нысан қамтылды, оның ішінде 15 нысаннан карантин режимінің (заңды тұлғалар) бұзылуы анықталды. Алгоритмге сәйкес, тиісті шұғыл хабарламалар жедел берілді.

Аудандар бойынша кәсіпкерліктің келесі нысандары бойынша шаралар қабылданды.

Бостандық ауданында 1 заңды тұлға бойынша шаралар қабылданды - «Mega Center Plus» акционерлік жылжымайтын мүлік  қоры  ((Мега Центр Плюс» СОО «MEGA Alma-Ata»  Розыбакиев көшесі, 247 а –  2 222 400 теңге сомасына).

Түрксіб ауданының мониторингтік топтары тарапынан 5 заңды тұлғаға шара қолданылды: 

- «Эйфориза» кафесі, Жансүгіров көшесі, 235 - 319470 тг. сомасына; 

- «Атлантик» компьютер клубы, Наманган көшесі, 35 - 319470 тг. сомасына;

- «Ербил» кешені- 319470 тг сомасына; 

- «Раяна» мейрамханасы- 319470 тг сомасына. 

Әуезов ауданында келесі заңды тұлғаларға шара қолданылды: 

«Joto» компьютерлік клубы, ЖК Қарабаев, 9 ш/а,   40а- 319470 тг, ЖК Саймнур Н, Лабиринт кафесі, Ақсай-3а ш/а, 85-үй - 319470 тг. сомасына.

Жетісу ауданында 3 заңды тұлғаға қатысты шаралар қабылданды:

-  «Салем» базары, «Сәлем инвест» ЖШС- Бокейханов көшесі,508 – 319470 тг сомасына.;

- «Белси иК» ЖШС, «Ялян» СҮ– 319470 тг сомасына.;

- Масанғалиева Ш.Т ЖК., «Наш клуб» дәмханасы,  Сейфуллин даңғылы, 291 – 319470 тг сомасына.

Алмалы  ауданының  мониторингтік топтарымен төрт заңды тұлғаға қатысты шаралар қабылданды:

- «Нурель» дәмханасы, Нурсеф М. ЖК - Розыбакиев көшесі, 303б – 319470 тг сомасына.;

- компьютерлік клуб, Сатыбалдина Б.К. ЖК, Досмухамедов көшесі,101 – 319470 тг сомасына.       

- Мега СОО  «Акционер Инвест жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Мега центр плюс», Мақатаев көшесі, 127/1 – 2 222 400 теңге сомасы.

- «Бухаус» дәмханасы А LD G B A ЖК– 319470 тг сомасына.

Осылайша, қалада енгізілген шектеулерге қарамастан, бірқатар кәсіпкерлер, мейрамхана иелері келушілер мен қызметкерлерге жұқтыру қаупінің жоғары қаупін тудыратын банкеттер мен басқа да шараларды ұйымдастыруды жалғастыруда.

Бұған дейін қаланың эпидемиологиялық қызметі барлық жұқтыру жағдайларының 38% - ы бұқаралық іс-шаралар салдарынан екені туралы ақпарат ұсынған болатын.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеуін жалғастыратын мекемелерге барудан бас тартуға шақырады. Кәсіпкерлік нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуі қажет: белгіленген жұмыс режимі, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимі, персоналды қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, термометрия жүргізу, дезинфекциялау құралдарын (тоннельдер, кілемшелер және т. б.) орнату.

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау ма0сатында аумақтық прокурорларға берілетін болады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін қарастырылған.

Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасуда.



Өзгелердің жаңалығы