Алматыда карантин күшейтілді: Бекшиннің қаулысы шықты

26 Маусым 2021, 18:29
16897
Бөлісу:
Алматыда карантин күшейтілді: Бекшиннің қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин талаптары туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік-экономикалық нысандарға жұмыс талады бекітілді. 

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқалары) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға баруға рұқсат етіледі.

Ал жиындарды вакцина төлқжаты бар және соңғы 6 айда коронавирус жұқтырып, жазылған қатысушылармен күндізгі режимде өткізуге рұқсат.

Құжатта "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмысына рұқсат етілген.

Жаппай бетперде тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежайлар және басқаларды профилактикалық дезинфекциялық өңдеуден өтуі тиіс.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемемен өтіп, таныса аласыздар. 

Өзгелердің жаңалығы