Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

10 Қыркүйек 2020, 19:50
1379
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Розабакиев көшесі бойындағы көпқабатты үйдің 5 қабатынан өрт шықты. 

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 10 қыркүйек күні  сағат 17. 48 кезінде Алмалы ауданы Розыбакиев көшесі 45 мекен-жайында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.
Көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабаттағы пәтері мен балконы,  6 қабаттағы балконына таралу қаупімен ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Қызыл жалын 7-ші қабаттың балконына жайылып үлгерген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер келген 22 минуттың ішінде  көк жалын сөндіріліп, 10 минуттың ішінде толықтай жойылды, - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер өрттің жоғары қабат пен көрші пәтерге таралуына жол бермей, оны ауыздықтай білген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 19 адам мен 5 бірлік техника, соның ішінде өрт баспалдағы жұмылдырылған. Өрт жайылу аумағы 60 шаршы метр.
Өзгелердің жаңалығы