Алматыда "Jasalmaty.kz" порталы арқылы 4 мың адам жұмысқа орналасты

22 Мамыр 2024, 10:49
625
Бөлісу:
Алматыда "Jasalmaty.kz" порталы арқылы 4 мың адам жұмысқа орналасты
Фото: Алматы қаласы Мансап орталығы

Мегаполисте NEET санатындағы жастардың үлесі 6,6%-ға азайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Мансап орталығының директоры Асқар Азамат мәлімдеді.

Алматыда "Jasalmaty.kz" порталы арқылы 4 мың адам жұмысқа орналасты

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы NEET-жастардың үлесін 2024 жылдың I тоқсанында 7,4%-дан (47,9 мың) 6,6%-ға дейін (43,9 мың) төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 682 мыңнан астам жас тұрады. Мансап күндерінің мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыру және оқытуды тиімді үйлестіру. Дәстүр бойынша, іс-шарада қаланың 400 ірі компаниясынан 1,5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады. ХедХантер.kz, ОЛХ.kz, Найми.kz платформаларының деректерін талдау негізінде өзекті мамандықтар бойынша 30 қысқа мерзімді курстар бойынша оқыту басталды, – дейді Асқар Азамат.

Алматыда "Jasalmaty.kz" порталы арқылы 4 мың адам жұмысқа орналасты

Оның айтуынша, 2023 жылы 10,8 мың жас оқытылып, жұмысқа орналастырылған. 2024 жылдың басынан бері 3,1 мың жас оқытылған.

"Jasalmaty.kz" ақпараттық порталының қазірдің өзінде 25 мыңға жуық бірегей пайдаланушылары бар. 5 мың жұмыс беруші тіркеліп, 5 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Нәтижесінде 4 мың адам жұмысқа тұрды. "Jasalmaty.kz" мобилді қосымшасын App Store платформасынан жүктеуге болады. Google Play қосымшасы да іске қосылып жатыр, – дейді Алматы қаласы Мансап орталығының директоры Асқар Азамат.

Өзгелердің жаңалығы