Алматыда IT-экожүйені дамытуға инестиция тартылды

4 Қаңтар 2025, 20:34
367
Бөлісу:
Алматыда IT-экожүйені дамытуға инестиция тартылды
Фото: gov.kz

Соңғы екі жылда Алматыда IT-экожүйені дамытуға 19,2 миллион АҚШ доллары (9,9 миллиард теңге) тартылды.

Бұл инвестиция стартаптарды қолдауға және ақылды қалалар, жасанды интеллект пен үлкен деректер сияқты негізгі технологияларды дамытуға бағытталды. 

«Алматы IT-экожүйесін дамыту 2022-2024» жобасы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынған. Жоба аясында MOST шараларына 7 мыңнан астам қатысушы қатысты. 

Стартаптардың жиынтық табысы 5,37 миллиард теңгеге жетіп, 2 049 жаңа жұмыс орны құрылды. 

309 стартап акселерация және инкубация бағдарламасын аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықта сатылымдарды сәтті растады. 

Сонымен қатар, жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпті жаңадан стартап оқытылды. Smart City бағдарламасы бойынша 55 маман дайындықтан өтті.

Өзгелердің жаңалығы