Алматыда ірі кәсіпорындарда қызметкерлерге екпе салу жұмысы ұйымдастырылды

15 Сәуір 2021, 17:26
1724
Бөлісу:
Алматыда ірі кәсіпорындарда қызметкерлерге екпе салу жұмысы ұйымдастырылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Әуезов ауданында 10 ірі өндірістік кәсіпорын базасында қызметкерлер екпе салдырды. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі хабарлады. 

Қазір ауданда 14 мыңнан астам адам бар, күн сайын 22 егу пункті жұмыс істеп жатыр. Аудан әкімдігінің өкілдері барлығы 2470 медицина қызметкері, 1914 білім беру саласының өкілі, 268 күш құрылымдарының қызметкері, 817 студент, 766 ірі ұйымдардың қызметкері және басқа мамандықтар бойынша 8125 адамның вакцина алғанын хабарлады. 

Тағы 142 551 адам вакцинациядан өтеді деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, Әуезов ауданында вакцинациялауға жауапты 9 медициналық ұйым бар, 22 егу пункті ашылды (емханаларда, сауда орталықтарында, мектептерде, жеке медициналық клиникаларда). Күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін «Moskva Metropolitan», «Grand Park», «Asia Park», «Almaty Mall», «Sputnik Mall» ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Екпе салдырғандар арасында Әуезов ауданының тұрғыны, әлеуметтік қызметкер Татьяна Еркенова да бар. Ол E-Gov электронды үкімет порталында тіркеліп, вакцинация алуға онлайн өтініш білдірген, одан ары оған егу пунктіне баратын күні, уақыты мен орналасқан орны жайлы хабарлама келген. 

Алматыда ірі кәсіпорындарда қызметкерлерге екпе салу жұмысы ұйымдастырылды

Маған ыңғайлы болған «Grand Park» СОО-ғы егу пунктіне келдім, осы жерге жақын маңда жұмыс істеймін. Мен сауалнама парағын асықпай толтыру үшін 15 минутқа ерте келдім, алдын ала жазылған уақытым келген кезде мені дәрігердің қарауына, одан кейін егу кабинетіне шақырды. Екпені мен сезбедім, вакцинаны алғаннан кейінгі кабинетте 30 минут болдым. Онда вакцинадан кейін болуы мүмкін жанама әсерлері туралы буклетті қарап шықтым. Бәрі жақсы, аздаған әлсіздік болуы мүмкін деп ескерткен. Соған қарамастан, өзімді өте жақсы сезінемін, - дейді Татьяна Еркенова. 

Ал басқа СОО-да Әуезов ауданының тағы бір тұрғыны Гүлнәр Тоқсамбаева өзінің отбасы мүшелерімен екпе салдырды. Осының бәрі ұжымдық иммунитет алу үшін жасалуда. 

Алматыда ірі кәсіпорындарда қызметкерлерге екпе салу жұмысы ұйымдастырылды

Мен жанама әсерлері болатын шығар деп күткем. Себебі менде басқа вакциналармен сондай жағдайлар болған. Алайда осы жолы мен вакцинадан кейін өзімді жақсы сезіндім. Вакцинацияға үйдегілермен саналы түрде келдік. Себебі вакцина ғана вирустың алдын алуда тиімді әдіс болады деп есептейміз. Инфекцияны жұқтырған таныстарымнан аурудың өте ауыр өтетінін естіген едім. Сондықтан ковидпен ауырғымыз келмейді, - деп бөлісті Гүлнәр Тоқсамбаева. 

Әуезов ауданында еңбек ұжымдарының қолайлылығы үшін вакциналауды ұйымдастыру «Ақсай» НӨК ЖШС, «Цин-Қаз» ЖШС, «Tea House» ЖШС, «Кастинг» ЖШС сияқты 10 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын базасында өтеді. 

Барлығы 802 жұмысшыны коронавирусқа қарсы егу жоспарлануда. Бүгінде өнеркәсіп орындарында 81 адам вакциналанды.

Өзгелердің жаңалығы