Алматыда халықаралық туризмнің өзекті тенденциялары талқыланды

19 Сәуір 2023, 15:36
722
Бөлісу:
Алматыда халықаралық туризмнің өзекті тенденциялары талқыланды
Фото: автордан

Алматы қаласында KITF 2023 «Туризм және саяхат» атты халықаралық көрме ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға әлемнің 22 елінен 258 компания қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

KITF халықаралық көрмесі елімізде 2001 жылдан бері өтіп келе жатыр. Ол Орталық Азиядағы ең ірі салалық B2B іс-шарасы саналады. Жыл сайын көрмеге қатысушы мемлекеттер мен компаниялардың қатары көбейіп келеді.

Соңғы кезде Қазақстаннан саяхаттап келетін туристердің саны артқан. Жапондардың да қазақ жеріне барып жатқанын көреміз. Осылайша екі ел арасындағы байланыс нығайып, екі халықтың мәдениетімен таныс болған адамдардың да саны артып келеді. Қарап отырсақ, саяхатшылар көбіне көктем мезгілінде қатынайды. Оның басты себебі сіздерде Наурыз мерекесі тойланса, бізде сакураның гүлдену кезеңі басталады, – дейді «Tairku Travel» менеджері Сумида Сей.

Алматыда халықаралық туризмнің өзекті тенденциялары талқыланды

Көрме барысында еліміздің туристік компаниялары шетелдік компаниялармен тәжірбие алмасты. Экспозицияда Әзірбайжан, Вьетнам, Грузия, Хорватия, Иордания, Италия, Малайзия, Мальдив аралдары, Жапония және т.б мемлекеттерінің стендтері қойылды.

Біз саяхатшыларға Алматы обылысы мен Қонаев қаласының әсем табиғатын таныстыру мақсатында қатысып отырмыз. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқанда қалай өмір сүргеніндігін «Ғұндар» этноауылына шақыру арылы көрсетеміз. Бұл жерден әр ауылдан жиналған қыз-жігіттердің өнерін көруге болады. Яғни жігттік өнер, ашамайға мінгізу, қыз құу, көкпар сынды ойындарды көрсетеміз. Бұдан бөлек 18-25 аралығында конкурстан өткен жастар «Сарбаз рухы» коммандасына қабылданады. Ол жерде халқымыздың ұлттық болмысын бойына сіңірген жастардың басын қосудамыз, – дейді «Ғұндар» этноауының жетекшісі Айша Шәкенова.

Алматыда халықаралық туризмнің өзекті тенденциялары талқыланды

Еліміздің әр өңірінен келген мамандар шет елдіктерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, солт-дәстүрін таныстыруды ойға алған. Отандық және шетелдік ірі туркомпаниялар мен салалық қауымдастықтар тәжірибелерімен және жоспарларымен алмасты.

Іс-шараға Спорт және мәдениет министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы», «Қазақстан туристік қауымдастығы», «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «Туристік Қамқор» Корпоративтік қоры ресми қолдау көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы