Алматыда кеңседен ақша салынған сейф ұрланды

29 Қараша 2021, 21:42
1373
Бөлісу:
Алматыда кеңседен ақша салынған сейф ұрланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық фирмалардың бірінің кеңсесінен ұрылар ақша салынған сейфті көтеріп әкетті. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.

Қылмыскердің сейфті ұрлау әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кеңсеге кірудің бірінші әрекеті сәтсіз аяқталған. Бұл сәтті де бейнекамералар түсіріп алған. Басты іс-шара кезінде қаскөйлердің бірі екінші қабатқа көтеріліп, пластик терезені ашқан және сол арқылы сейфті көшеге лақтырып жіберген. Сол жерде екіншісі күтіп тұрған. Күдіктілердің бір жарым миллион теңгеден астам соманы олжалаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктілер ұсталды. Олар 26 және 28 жаста. Бұрын екеуі де осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталғандарға бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды. Олар қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы