Алматыда фильм түсіріліміне байланысты бірқатар көше жабылады

14 Қаңтар 2023, 15:20
2465
Бөлісу:
Алматыда фильм түсіріліміне байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ  Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

 Қалада мына көшелер жабылады:

 - 15 қаңтар күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін жабылады;

 - 16 қаңтарда сағат 19:00-ден 02:00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;

 - 18 қаңтарда сағат 01:00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

 - 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03:00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін жабық болады.

 Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады,- деп хабарлады әкімдіктен.

Өзгелердің жаңалығы