Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған

9 Шілде 2021, 02:17
2752
Бөлісу:
Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы Б. есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

Сомма 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан $300 алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдары ПД Тергеу басқармасымен жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы