Алматыда ер адам 11 жасар қызды зорлап, анасын өлтіремін деп қорқытқан

10 Қазан 2024, 10:50
3322
Бөлісу:
Алматыда ер адам 11 жасар қызды зорлап, анасын өлтіремін деп қорқытқан
Фото: BAQ.KZ архив

Медеу ауданындағы үйлердің бірінде мас адам есігі ашық тұрған үйлердің біріне кіріп, оқушы қызға зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

6-сыныпта оқитын қыздың ата-анасы БАҚ өкілдеріне мән-жайды айтып берген. Анасы жұмыста, әпкесі мектепте болған. Күдікті оның жалғыз екенін пайдаланған. Сол уақытта мас ер адам үйге басып кіріп, қызды зорлап, ешкімге айтпауын, ал айтса, анасын өлтіретінін айтып қорқытып, кетіп қалған. Ол кетісімен қыз бала анасына хабарласқан.

Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқушының ата-анасы Думан ықшам ауданында ішімдікке сылқия тойып алатындардың көп екенін, алдағы уақытта шара қабылданбаса мұндай жағдай көп болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы